Алматы-Бішкек тас жолындағы апат: 5 адам тіл тартпай кетті

Алматы-Бішкек тас жолында сұмдық жол апаты тіркелді. 5 адам опат болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жол апаты 21 маусымда болды. Екі автокөлік соқтығысты. Алматы облысының полициясы хабарлағандай, Mitsubishi Pajero қарсы бағытқа шығып кетіп, алдымен Toyota Highlanderкөлігімен, кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

Mitsubishi Pajero көлігіндегі төрт жолаушы мен Toyota Highlander көлігіндегі бір жолаушы қаза тапты. Қалғандары ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Алматы бішкек Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар