Алматы облысында 10 жасар баланы иттен құтқарған азамат марапатталды

Алматы облысында 10 жасар баланы иттен құтқарған азамат марапатталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачёвке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алған. Алғашқы болып көмекке келген ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев баланы ажалдан арашалап қалды.

Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.

ер адам Алматы облыс Ит

Тақырыпқа жаңалықтар