Алматы облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды
Алматы облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай Алматы облысы Саймасай кентінде болған. Баланың отбасылық жағдайы өте төмен болған. Мұны байқаған көршілер “Немолчи” қорына хабарласқан.
Қор мәліметінше, баланың анасы ішкіш болған. Ал үйлерінде төсек-орын, отын мен көмірі де болмаған. Тіпті балалар ауырып, ішерге ас таппаған. Олар үш ағайынды. Үлкені 9, ортаншысы 7, кішісі 3-сыныпқа барады. Олар өз күндерін көру үшін жалданып жұмыс істеген.
Көршілері қор өкіліне "баланы өгей әкесі зорлайтынын сияқты" деп айтқан. Ал көз жұмғанбала өмір сүріп шаршағанын күнделігіне жазып қалдырған. Қор балалардың жағдайын ювеналды полицияға хабарлаған. Десе де бәрі тым кеш болған.
Полиция жағдайды растап, қылмыстық істі тіркегенін айтты.