Алматы облысында әскери қызметкер көз жұмды
Алматы облысында әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөліміндегі Шекара қызметінде болған.
Алдын ала қорытындыға сәйкес, әскери қызметкердің өліміне менингококцемия себеп болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалғанын мәлімдеді.
“Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – деп жазды ведомство.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: