Алматы облысында автобус пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көмір тиеген пойыз өткелден өтіп бара жатқан сәтте маршруттық автобус жүргізушісі жол бермей, пойызбен соқтығысқан.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, апат салдарынан 6 адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы автобус Пойыз Апат

Тақырыпқа жаңалықтар