Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді
Актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жұртты өзгенің бақытына төрелік айтпай, ақ тілек білдіруге шақырды.
Дариға Бадықова әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін атап өтті.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды актриса.
Ол жеке өміріне қатысты ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін де жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: