Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
Алматы облысында қоғамдық көліктің жүргізушісіне белгісіз адам шабуыл жасап, автобустың әйнегін сындырған. Осы жағдайдан кейін үш адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 15 қаңтарда Қарасай ауданында болған.
«Белгісіз ер адам қоғамдық автобустың әйнегін қасақана сындырған. Полиция үш күдіктіні анықтап, ұстады. Негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: