Алматы облысында бір отбасы ыстан уланып көз жұмды
Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі ыстан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы ақпаратты аймақтағы Qonaev.Media арнасы таратты. Алдын ала болжам бойынша, оқиға ыстан улану салдарынан болуы мүмкін.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1955 жылғы, 1974 жылғы ер адамдар мен 1984 жылғы әйел кісі, сондай-ақ 2024 жылғы кішкентай бала тіл тартпай кеткен. Бүтін бір отбасы мал шаруашылығымен айналысқан. Марқұмдардың үйі ауылдан 5 шақырым қашықта орналасыпты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: