Алматы облысында қоғамдық моншада мас ер адам 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан

Алматы облысында қоғамдық моншада мас ер адам 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, оқиға 9 наурыз күні Қаскелеңдегі “Жетісу” моншасында болған. Жасөспірімді мас күйідегі монша қызметкері соққыға жыққан көрінеді.

“Менің 13 жастағы ұлым досымен бірге бір сэндвич сатып алмақ болған. 28 жастағы монша қызметкері олардан өзіне және әріптестеріне төрт сэндвич сатып алуды талап еткен. Ұлым “тағы не істейін?” деп күліп жауап бергенде, қызметкер ашуланып, соққыға жыққан”, - дейді әйел.

Полицейлер бұл қылмысты әкімшілік құқық бұзушылық деп бағалаған. Баланың анасы бұған келіспейтінін мәлімдеді.

Әйелдің пікірінше, видео дәлел болғандықтан “бұзақылық” бабымен қылмыстық іс қозғалуы тиіс.

Алматы облыс Оқушы соққы

Тақырыпқа жаңалықтар