Алматы облысында ұрылар жеке кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түскен
Алматы облысында кәсіпкердің үйін тонаған ер адамдар қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қылмыс 12 қыркүйекте болған. Күдіктілер бетперде тағып, үйге кірген. Олар үйден бағалы бұйымдар мен ақша жымқырған. Шығын 500 миллион теңгені құрады.
«Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматы қаласында жасалған екі ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: