Қазақстан жаңалықтары17 мамыр 2024, 17:01

Алматы облысында заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр

Алматы облысында заңсыз құрылыспен күрес жалғасуда. Алматы облыстық сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, өткен жылы 711 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 5 нысанды бұзу туралы шешім қабылданған. Сот шешімімен Қарасай ауданындағы «Orda Town» көпқабатты тұрғын үй кешені, Еңбекшіқазақ ауданындағы кірпіш зауыты, Талғар ауданы Байбұлақ ауылындағы екі көпқабатты тұрғын үй кешені бұзылды. Тағы төрт нысан сүріледі, ал біреуі бойынша шешім әлі қабылданған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Сонымен қатар Кеген ауданындағы Көлсай көлінің жағасында мейрамхана мен 8 қонақүй кешені құрылысының заңды не заңсыз салынғаны анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық басқармадан.

Жалпы, 2024 жылы Алматы облысында заңсыз құрылыс фактілері бойынша жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам 128 әкімшілік іс қаралып, 59 іс сотқа жолданды.Былтыр 484 іс қаралып, айыппұл сомасы 140 646 150 теңге болды. Мәселен, әр түрлі бағыт бойынша ҚР бюджеттік нысандары туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін 56 мердігер ұйымға 27 848 820 теңге айыппұл салынып, оның ішінде 2 лицензияның күші жойылды, 2 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

«23 техникалық бақылау ұйымы мен 9 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымына 21 963 436 теңге айыппұл салынып, 22 аттестаттың қолданысы 6 айға тоқтатылды, 1 аттестат пен 2 аккредиттеу комиссиясының күші сот шешімімен жойылды. 18 сәулет қадағалау бірлігіне 8 505 468 теңге айыппұл салынып, оның ішінде 3 сәулет қадағалауының актісі жойылды. Аккредиттелген 3 компанияға 2 587 500 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Алматы заңсыз нысандар бұзу

Тақырыпқа жаңалықтар