Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адам қағып өлтірді
Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне себеп болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Жол-көлік оқиғасы 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында орын алған.
Hyundai H350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен автожолының 75-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, – делінген ресми хабарламада.
Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: