Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезді. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,2 болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Дүмпулер қала тұрғындарына да сезілген.

Жерасты қозғалысы бірнеше секундқа созылғаны туралы әлеуметтік желіде хабарламалар тарады. Тұрғындар үйлер мен көпқабатты ғимараттарда дүмпуді сезгенін жазып жатыр.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдары мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Ресми мәліметтер түскен жағдайда қосымша хабарланады.

Алматы Жер сілкінісі мәлімет зардап шеккендер
Кеше, 10:05 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:14 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:05 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар