Алматыда 10-қабаттан құлаған қыз аман қалды
Алматыда 10-қабаттан құлаған қыз аман қалды. Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады,деп хабарлайды Arbat.Media.
Онда қыздың алдымен кіреберістің қалқасына, кейін жерге құлағанын көруге болады.Қызды райынан қайтаруға тырысқан әйелдің айтуынша, түнде әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде бейтаныс бойжеткен 10-қабаттың балконында тұрған, ал жанындағы жігіт көмек сұрап жүгіріп жүрген.Куәгерлердің сөзінше, қыз бен жігіт болып жүріп жүрген жұптың арасында қатты жанжал болған. Артынша қыз балконнан құлап кеткен. Соған қарамастан, ол аман қалды. Дәрігерлер оның көптеген жарақат алғанын айтты. Бүгін бойжеткен есін жиған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: