Алматыда 11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Алматыда интернет арқылы есірткі сатумен айналысқан 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет дүкен анықталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қылмыстық топтың 11 мүшесін ұстады. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржыландыратын тұлғалар бар.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары табылған. Сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ІІМ интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Алматы облыс Қылмыс Есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар