Алматыда 17 жастағы қыз көз жұмды

Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған.

Марқұм қыздың анасының айтуынша, қызы құрбыларына қонаққа барған. Анасы оған телефон шалған кезде, қыздардың алкогольді ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ұрысқан.

Куәгерлердің айтуынша, қыз жігітіне телефон шалып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, қыз терезеден құлап кеткен.

Алматы полициясы аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Алматы оқиға Марқұм Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар