Алматыда айыптұраққа қойылған мопед саны 1800-ден асты
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті
Almatı qalasınıñ polïcïya departamenti
Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2024, 15:41

Алматыда айыптұраққа қойылған мопед саны 1800-ден асты

Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, қала жолдарындағы жазатайым оқиғалардың көбеюіне көліктердің баламалы түрлері - мопедтер мен электрсамокаттардың әсері бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жыл басынан бері мопед жүргізушілері 930 жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан 953 адам зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Ал қалада самокаттар 127 жол апатына ұшыраған, салдарынан 133 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ.биыл жалпы мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 800-ден астам мопед қойылды», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

айыптұрақ Мопед Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар