Бай және кедей деп бөлмеңдер”: Мұрат Әбенов жәрдемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мұрат Әбенов бала тууға байланысты мемлекеттік жәрдемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында сәбилерді ата-анасының табысына қарай “бай” және “кедей” деп бөлудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, дүниеге келген әрбір бала мемлекет тарапынан бірдей қолдауға ие болуы тиіс.

“Сәбиді “бай” мен “кедейге” бөлуді тоқтату керек! Соңғы күндері бала тууға берілетін жәрдемақыны қысқарту туралы министрліктің жариялаған ұсыныстарына қатысты пікірім. Әр бала мемлекеттен тең қолдау алуы тиіс!” – деп жазды ол.

Осылайша, Мұрат Әбенов бала тууға берілетін төлемдерді отбасының қаржылық жағдайына қарай шектеу туралы бастамаға қатысты өз ұстанымын білдірді.

жәрдемақы Балалар қолдау Мемлекеттен
1 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
2 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
2 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар