Иран қазақтары қаза тапқан сарбаздарға құран оқып, дұға етті
Ирандағы қазақтар Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, қаза болғандардың рухына дұға жасаған.
Еске салайық, 24 қыркүйекте «Хазар қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде Маңғыстау жағалауында 17 әскери қызметші теңізге ағып кеткен. Оның 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.
Бұған дейін Иранның Ақтаудағы Бас консулдығы да қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтқан болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: