Алматыда бірін-бірі пышақтамақ болғандар іздестіріліп жатыр
Алматыда жол үстінде төбелесіп, бір-біріне пышақ ала жүгіргендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желіде тараған видеодан бірнеше адамның бір-біріне жұдырық жұмсағанын көруге болады.
Кейін ер адамдардың бірі пышақ шығарып, оны екінші тарапқа ала жүгіреді.
Қалалық полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жанжалға қатысушылардың кім екені анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр», — деп хабарлады департаменттегілер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: