Алматыда ер адам автобус жүргізіп келе жатып кенеттен қайтыс болды

Алматыда ер адам автобус жүргізіп келе жатып кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы «Алматыэлектротранс» компаниясы хабарлады.

Оқиға 25 қаңтар Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында болған.

"Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып үлгерген. Жолаушылар жедел жәрдем шақырған”, - деп жазылған хабарламасында.

Жедел жәрдем қызметкерлері жүргізуші жүргізушінің қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз - миокард инфаркті. Автобустағы жолаушылар зардап шекпеген.

Алматы автобус Жолаушы жүргізуші

Тақырыпқа жаңалықтар