Алматыда ер адам қатыгездікпен соққыға жығылып, көз жұмды

Алматы қаласында ер адам қатты соққыға жығылғаннан кейін қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның ұлы әлеуметтік желідегі Threads платформасында хабарлаған. Оның айтуынша, әкесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары салдарынан аман қалмаған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы соққы ер адам Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар