Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, олар кредиттік бюроға артықшылық беретін заңсыз схема ұйымдастырған.

Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келді.

Сондай-ақ 75 мың доллар көлемінде пара беру дерегі анықталды.

Күдіктілер қамауға алынды, 1 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.

Алматы еңбек алаяқ Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар