Алматыда оқушы қыздар жігітті соққыға жықты
Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: