Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті
Фото: Ерлан Омар
Erlan Omar

Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті

Алматыда орташа айлық жалақы 468 мың теңгені, ал республика бойынша 392,6 мың теңгені құрады. Еңбекақы номиналды түрде 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық экономика бөлімі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кіріс орта есеппен 22%-ға өсіп, 292 мың теңгені құрағанын (ҚР – 9,2%-ға 201,1 мың теңге) мәлімдеді. Нақты мәнде өсім 11,6%-ды (Қазақстанда – 0,3%-ға) құраған.

«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарларының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарларының 5,6%-ға дейін өсуінің баяулауымен байланысты. 2024 жылдың соңына қарай жылдық инфляция одан әрі 7,5-8%-ға, ал 2025 жылы 6,5-7,5%-ға дейін төмендейді деп күтіледі», делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 9 айында қалада 50,5 мың жұмыс орны ашылғаны, оның 77,9 пайызы тұрақты екені атап өтілді. Сондай-ақ 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1 пайызға өсіммен 1,1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жеке инвестициялардың өсімі 8 пайызды құрап, 1 триллион теңгеге жуық өскені белгілі болды.

орташа айлық жалақы Алматы жалақы 15,5%

Тақырыпқа жаңалықтар