Мектептерде 2-4-сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді
23-30 қыркүйек аралығында мектептерде 2-4-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі.
Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы - 40 минут. Ең жоғары балл: 2-сыныпта - 12, 3-сыныпта - 14, ал 4-сыныпта - 16 балл.
Айта кетейік, 1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: