Маңғыстауда ысталған балық жеген төрт адамның жағдайы қалай?

Маңғыстау облысында үй жағдайында дайындалған салқын ысталған балықты жеген төрт адам, оның ішінде 9 жастағы бала, ботулизм белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үшеуі ересек адам, біреуі бала. Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Төртеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 17 қыркүйекте отбасылық басқосуда үйде дайындалған салқын ысталған балық жеген. Өнім тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған.

Науқастардан әлсіздік, бас айналу, жұтыну және көру қиындығы, көздің бұлдырауы, заттардың қосарланып көрінуі сияқты белгілер байқалған. Дәрігерлер оларға ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізген.

Маңғыстау Балық ботулизм науқас

Тақырыпқа жаңалықтар