Қазақстан жаңалықтары30 қараша 2023, 20:24

Алматыда өртенген хостелдің иелері анықталды

Алматыда өртенген хостелдің иелерінің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мырзамадиев айтты.

«Бұл тұлғалардың кім екені белгілі. Олардың орналасқан жерін анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардан ешкім жауап алып жатқан жоқ. Барлық құжаттарды көтеріп жатырмыз», - деді Айбат Мырзамадиев.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар анықталатынын айтты.

«Қазір қолда бар құжаттарды зерттейтіз. Арнайы өрт-техникалық зертханалар тексерулер жүргізеді. Осыдан кейін жауапты лауазымды тұлғалар анықталып, кейін қылмыстық іс қозғалады», - деді ол.

Алматы Өрт хостел иелері

Тақырыпқа жаңалықтар