Алматыда қыз жантүршігерлік жағдайда қайтыс болды
8 сәуірде Алматыда қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қыз 18-қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 20 жаста болған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
"Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деді полиция өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: