Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кеткен

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көп жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр.

Оқиға кеше Желтоқсан мен Сәтпаев көшесінің қиылысында болды. "Тойота" маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенеттен ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін соғып өткен.

Белгіні де пысқырмай, көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы полицей қозғалыс Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар