Алматыда жүк көлігі ер адамды қағып кетті

31 қаңтарда Алматы қаласында Розыбакиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде тараған видеода ер адамның жолдан өтіп бара жатқаны байқалады. Алайда бірнеше секундтан кейін ол сары түсті жүк көлігінің астына түседі.

Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қатысты.

Алматы Жол апаты Аурухана Адам

Тақырыпқа жаңалықтар