Алматыда жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған
Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
,Бұл туралы Kazinform Polisia.kz-ке сілтеме жасап жариялады.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде көліктегі полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады.
– Күдіктілердің, алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита) деп мәлімдеді Б. Малыбаев.
Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген., - деп хабарлайды Arbat.media.
Сондай-ақ ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлері, - деп хабарлайды Arbat.media. Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.