Алматыдағы мектеп мұғалімдері бірнеше айдан бері жалақы алмай отыр

Алматыдағы Cosmo International School мұғалімдері бірнеше айдан бері жалақы алмай отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жеке мектептің 30 штаттық және 10 келісімшарттағы қызметкеріне қазан айынан бері жалақы төленбеген. Жалпы берешек 36 млн теңгеден асады.

Мұғалімдер білім басқармасына, прокуратураға, партияларға жүгінгенімен нәтиже жоқ, ал кейбірі жұмыстан кетуге мәжбүр.

Мектепте «Күнделік» жүйесінде артық сыныптар көрсетілген, журналда 200-ден астам оқушы жазылғанымен, тек 40 бала ғана оқиды. Асхана, ғимарат жалдау және маркетологтарға да қарызы бар.

Алматы Мұғалім Ақша жалақы

Тақырыпқа жаңалықтар