Алматылық құтқарушылар Қостанай өңіріне көмекке аттанды
Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық-ұтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы (56 қызметкер) Ұлттық ұланның әуе бортымен Қостанай өңіріне ұшты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді.
Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: