Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 13:20

Алматыны селден қорғайтын бөгет салуға міндеттелген компания басшысы күдікке ілінді

Алматыны селден қорғау үшін Ақсай өзенінің бассейніне бөгет салуға міндеттелген мердігер компания мемлекетке 775 млн теңге залал келтірген. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің үш облысында су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Осылайша, Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде. ЖШС Алматы қаласы «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған», - деді ол.

Серіктестіктің жауапты адамдарына алдын ала сөз байласты деген айып тағылуы мүмкін.

«Бұл тұлғалар аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады», - деді Әлібек Әбділов.

Алматы бөгет компания басшысы Күдік

Тақырыпқа жаңалықтар