Алты баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды

Абай облыстық соты Үржар ауданы Бестерек ауылының 55 жастағы тұрғынын төрт баланың өліміне кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ер адам 9 жылға сотталды. Сондай-ақ жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол жәбірленушілердің отбасына моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өтемақы төлейтін болды.

Айта кетейік, биыл 19 тамызда ер адам көлігімен жеке үйдің жанында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен еді. Салдарынан 6 бала жарақат алып, төртеуі қаза тапты.

Ер адам эпилепсиялық ұстама салдарынан көлігін басқара алмаған. Оның медициналық тексеруден сәтті өтіп, 2020 жылы жүргізуші куәлігін алғаны анықталды.

Абай облыс Аудан сот

Тақырыпқа жаңалықтар