Алжирде автобус апатынан 18 адам қаза тапты
Алжирде автобус апатынан 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алжирдің Хараш ауданында жолаушылар автобусы қатысқан жол апаты болды. Азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, автобус әл-Мухаммадия ауданындағы көпірден өзенге құлап кеткен. Көлік Эль-Хава әл-Джамиль бағытына қарай бара жатқан.
Оқиға салдарынан 18 адам көз жұмып, тағы 9 жолаушы жарақат алды. Жараланғандардың екеуінің жағдайы ауыр, олар ауруханаға жеткізілді.
Апат орнында 25 жедел жәрдем көлігі, 16 сүңгуір және 4 қайық жұмылдырылды. Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: