Әнші Бейбіт Қорған ұшақта жолаушылардың мазасын алған

Қазақстандық эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған Атырауға ұшқан әуе рейсінде ережені бұзғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Куәгерлердің сөзінше, әнші балағат сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Сондай-ақ ол әуе компаниясының талаптарына бағынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Әуежайға қонған соң оны полиция қызметкерлері қарсы алып, «кішігірім бұзақылық» пен «құқық қорғаушыға бағынбау» баптары бойынша хаттама толтырды.

Бүгін Атырау қаласында өткен сотта Бейбіт Қорған кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бейбіт Қорған Әнші Ұшақ Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар