Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің үстінен тағы да арызданды

Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің үстінен тағы да арызданды. Ақпаратты Алматы қаласының полициясы растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары отбасылық жанжал бойынша шақыртуға барған.

Тексеріс барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған.

Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген.

Әншіге әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Рахат Тұрлыханов Әнші соққы Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар