Ақмола облысында 50 млн теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, «Медина» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияны заңсыз алуды ұйымдастырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
57 асыл тұқымды тұқымдық бұқа бар деген жалған мәліметтің негізінде бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген.
Бұдан бөлек, төрт өтінімде мал саны 3 мың басқа артық көрсетілген. Салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз алынған. Мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: