Ақмола облысында әкесі мен ұлы өрттен 3 баланы аман алып шықты
Ақмола облысында әкесі мен ұлы өрт болып жатқан үйден 3 баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үлгі ауылында тұрғын үй өртеніп, ішінде бес бала болған. Екі бала өздігінен шығып үлгерген, ал үшеуін жалын қамап қалған.
Көшеден өтіп бара жатқан Ерлан Тоқсанбаев пен оның ұлы Мирас терезені сындырып, үш баланы сыртқа алып шыққан және екі газ баллонын шығарып үлгерген. Бірнеше секундтан кейін үйдің ішінде тағы бір баллон жарылған.
36 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, ержүрек әке мен бала мемлекеттік наградаға ұсынылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: