Ақмола облысында бөтен адам екі жыл бойы жетім баланың пәтерін иеленіп келген

Ақмола облысында 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Қадағалаушы орган мәліметінше, жетім балалардың тұрғын үйге бірінші кезекте ие болуға заңды құқығы бар. Алайда бұл талап көп жағдайда бұзылып келген.

«Бүгінде прокуратура актілері негізінде 42 жетім баланың тұрғын үйге құқықтары қалпына келтірілді. Кезектен заңсыз алып тастау, өтініш қабылдамау, заңсыз берілген пәтерлерді қайтару бойынша шаралар қабылданды», – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Прокуратура бірқатар өрескел мысал келтірді:

 

  • Көкшетау қаласында өтініш берген жетім баланы кезекке қоюдан еш негізсіз бас тартқан;
  • Бір аудан орталығында жетім балаға тиесілі пәтерде екі жыл бойы бөтен адам тұрып келген;
  • Заңсыз тұрғын алғаннан кейін баланың тұрғын үйге құқығы ескерусіз қалған.

 

Мұндай фактілердің анықталуына байланысты құқық қорғау органдары әкімдіктерге арнайы нұсқама беріп, шешімдерді қайта қарауға міндеттеді.

ер адам үй тұрғын үй Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар