Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды

Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Державин қаласынан екі шақырым жердегі қара жолда болған. Облыстық полициядан мән-жайды білдік.

Алдын ала мәлімет бойынша салонда бір ғана адамға арналған орын болған. Алайда жүргізушімен бірге жолаушы да болған. Жолда ол тепе-теңдігін жоғалтып, трактордың астына құлап кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу жүріп жатыр.

Қаза ер адам Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар