Ақмола облысында қар жауып жатыр
Ақмола облысында қар жауды. Бұған дейін Қазгидромет ауа температурасы нөлден төмен түсетінін айтқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақкөл мен Ерейментау қалаларында, сондай-ақ елордаға жақын басқа елді мекендерде қалың қар жауды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Тұрғындар табиғаттың тосын көрінісін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісуде.
«ҚазАвтоЖол» Алматы-Екатеринбург жол учаскесінің (Колутон стансасы – Новочеркасское ауылы) ашылғанын хабарлады.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» филиалының қызметкерлері жолдардағы қарды жедел тазартып жатыр», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Бұған дейін Қазгидромет жауын-шашын жауып, ауа райының қолайсыз болатынын ескерткен.
Мәселен, Астанада 25 мамырда күндіз қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады)болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауады.
Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында -2°С үскірік күтіледі.