Ақмола облысында шенеунік пен 2 кәсіпкердің былығы ашылды
Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақмола облысында шенеунік пен екі кәсіпкер Үкімет резервінен бөлінген 304 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталды.
Қомақты қаражат 2021 жылы Атбасардағы су тасқынынан зардап шеккендерге 200 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салуға бөлінген. Жемқорлыққа барған аудандық құрылыс бөлімі басшысының кесірінен құрылыс аяқталмай қалды. Тергеу барысында ұрланған қаржыға алынған жылжымайтын мүлік пен банк шоттарында сақталған қаржы тәркіленді. Арестке алынған мүліктің жалпы құны 335 млн теңгеден асады.
Сот шешімімен шенеунік пен бір кәсіпкер 7,5 жылға, екінші кәсіпкер 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Аудандық соттың мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал өтелмеген. Аудан әкімінің аппараты сотталғандарға азаматтық талап қоюға құқылы.