Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолында болған.

Екі жеңіл көлік жолға шыққан жылқыға соқтығысқан.

Жантүршігерлік апат салдарынан «Киа Рио» автокөлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жылқы иесін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау туралы, ал үй жануарларының иелеріне малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу туралы еске саламыз”, - деді облыстық ПД аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.

Апат Жол апаты Қаза Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар