Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2025, 13:32

Ақмола облысындағы ЖЭО-да бір жұмысшы қаза тапты

Ақмола облысындағы ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақмола облысының Полиция департаментінің мәліметінше, Степногорсктағы қалалық ЖЭО-да монтаж жұмыстары кезінде бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақмола Жұмысшы көз жұмды Апат

Тақырыпқа жаңалықтар