Ақорда: Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемеді

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна төлемей мүше болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеңеске мүше болу мерзімі 3 жылды қамтиды.

«Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің егемен шешімі ғана жеткілікті. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты емес. Бұл – әр қатысушының өз еркі», — деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, егер мемлекет алғашқы жыл ішінде 1 млрд доллар көлемінде жарна енгізсе, онда Кеңестегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан ұзартуға мүмкіндік алады.

Ақорда трамп Тоқаев Келісім

Тақырыпқа жаңалықтар