Ақтау горнизонындағы сарбаз өлімі: әскери бөлім командиріне қатысты іс сотқа жолданды 

Ақтау горнизонындағы сарбаз өліміне қатысты әскери бөлім командиріне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға осы жылдың ақпанында Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде болды.

Сарбаздың өліміне қатысты әскери бөлім командиріне қызметтік міндетіне салғырт қараған деген айып тағылды.

Әскери прокуратура қажетті сот сараптамаларын жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Бірнеше командир қызметтерінен босатылып, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақтау Сарбаз Қаза іс

Тақырыпқа жаңалықтар