Ақтауда 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды

Ақтауда 17-шағынаудандағы Green Plaza тұрғын үй кешені аумағында қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Жұмыстан үйге қайтып келе жатып, аула арқылы полицей көліктерінің зырғып өткенін естідім. Не болғанын көруге бардым. Әуелде ештеңе түсінбедім, кейін полицей көлігінің ар жағына өткенімде, қыздың мәйітін көрдім. Ол кіреберіске бір метр жетпей құлаған", - деді оқиғаның куәгері.

Қайғылы жағдай 18 қазанда таңертең болды. Сол күні кеште Маңғыстау облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі болған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр.

Ақтау бойжеткен полиция көз жұмды

Тақырыпқа жаңалықтар